Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

АҚШ Мемлекеттік департаменті Институтқа шағын автобустар сыйға тартты

АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі» (Export Control and Border Security) бағдарламасы Ядролық физика институтына «Nyundai» маркалы екі шағын автобусын сыйға тартты. Қазақстандағы, Өзбекстандағы және Түрікменстандағы экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының кеңесшісі Николас Кавельеро Институттың бас директоры Саябек Сахиевке машиналардың кілтін табыс етті. Кездесу барысында бас директор бағдарлама өкілдеріне алғысын білдіріп, болашақта Институт аумағында бензинге экологиялық таза балама болатын және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге көмектесетін «Сутегі жанармай құю станциялары» жобасын ұйымдастыру жоспарланып отырғанын айтты.

Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасы (EXBS) —АҚШ Мемлекеттік департаментінің бастамасы болып табылады. Бағдарлама шекара қызметі мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қарудың заңсыз қозғалысын анықтау және жолын кесу үшін даярлауды жүзеге асырады, сондай-ақ күдікті жүктерді тексеру үшін халықаралық өткізу пункттерін жабдықтармен қамтамасыз етеді.