Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

АҚШ ҚМ ҚАА делегациясының ЯФИ сапары

2026 жылғы 6 қарашада Ядролық физика институтына АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің (АҚШ ҚМ ҚАА) өкілдері М. Росарио, А. Двирный, Д. Биссел, А. Бришкар, Т. Кестерсон, Дж. Сеймур, Е. Каваленка, С. Колмыков, сондай-ақ АҚШ ҚМ ҚАА біріктіруші мердігері ретінде әрекет ететін «ЮРС Федерал Сервисез Интернэшнл Инк.» компаниясының жоба жетекшісі А. Васильев кіретін құрамда американдық делегация келді.

Сапардың басты мақсаты — Қазақстандағы АҚШ ҚМ ҚАА «Қауіп-қатерді бірлесіп азайту» бағдарламасының жаңа тағайындалған басшысы М. Росарио мырзаны таныстыру болды. Сонымен қатар тараптар ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективті бағыттарын талқылады.

Ядролық қауіпсіздік оқу орталығында (ЯҚОО) өткен кездесу барысында ЯФИ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Е. Ермаков қатысушыларға Институт қызметінің негізгі бағыттары, оның жүзеге асырылып жатқан міндеттері және одан әрі даму перспективалары туралы таныстырылым жасады.

ЯФИ өкілдері «Қауіп-қатерді бірлесіп азайту» бағдарламасы аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беретін ықтимал бағыттарды ұсынды.

Жұмыс кездесуі аяқталғаннан кейін американдық делегация үшін ЯҚОО оқу бөлмелері мен оқу полигоны бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Экскурсия барысында қонақтар орталықтың инфрақұрылымымен, материалдық-техникалық базасымен және оқу-тәжірибелік мүмкіндіктерімен танысты.