Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

АҚШ Энергетика министрлігі өкілдерінің ЯФИ-ге сапары

2023 жылдың 2 маусымында Ядролық физика институтында АҚШ Энергетика Министрлігінің Қазақстандағы офисінің директоры Маканинч Констанс Иран және АҚШ Энергетика Министрлігінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының арнайы көмекшісі Мак Лин Саванна Рэй жұмыс сапарымен болды. Америкалық делегацияның сапар мақсаты Институттағы үш оқу орталығының бірі — Ядролық қауіпсіздік бойынша оқу орталығы мен ССР-Қ зерттеу реакторының жұмысымен экскурсиялық танысу болатын. Ядролық қауіпсіздік орталығы ядролық және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, есепке алу, бақылау және физикалық қорғау саласында қазақстандық мамандарды даярлау мақсатында құрылған. Қазақстан мен АҚШ Энергетика министрліктері арасындағы әріптестік шеңберінде 2017 жылы ашылды. Америкалық делегация сапар аясында Институттың бас директоры Саябек Сахиевпен кездесті. Кездесу аясында бас директор америкалық делегацияға ЯФИ-дің ғылыми-өндірістік қызметі, 8 базалық қондырғы,30-дан астам Халықаралық ұйымдармен әріптестік жобалар, Институт қатысатын Қазақстандағы алғашқы мегасайнс жобалар, болашақ АЭС-ке ЯФИ базасында мамандарды даярлау, ғылыми жестіктерге тоқталып, жоспарлармен бөлісті. Бас директор сөзінде ЯФИ іргелі және қолданбалы зерттеулермен, радиоизотоптар өндірумен айналысатын атом саласындағы Қазақстанның жалғыз ғылыми ұйымы болып табылады, сондай-ақ атом энергиясын бейбіт мақсатта қолданатын бірден-бір ұйым екенін жеткізді. Сондай-ақ ССР-Қ зерттеу реакторында және Циклон-30 циклотронында онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін өнеркәсіптік және медициналық мақсаттағы (радиофармпрепараттар-РФП) радиоактивті изотоптарды өндірудің толық циклі жолға қойылғанын айтты. Сонымен қатар Саябек Қуанышбекұлы жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын даярлау үшін Ядролық физика институты өте үлкен тәжірибесі мен базасы бар екенін атап өтті. Соның негізінде өткен жылы Әл-Фараби ҚазҰУ-мен консорциалдық келісім жасалып, институт базасында атом электр станциясы үшін қажетті мамандар даярлау жоспарлануда. Кездесуден кейін АҚШ ЭМ өкілдеріне ғылыми-зерттеу реакторы, ЯҚБО орталығына таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

news2.jpg

news3.jpg

news4.jpg