Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Әрекет ету күштері үшін осалдықты бағалау бойынша техникалық алмасу

2022 жылғы 22-26 тамыз аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында «Әрекет ету күштерінің тәжірибесінен мысалдар /Әрекет ету үшін осалдықты бағалау» тақырыбында техникалық алмасу бойынша семинар өткізілді. Іс-шара АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің Халықаралық ядролық қауіпсіздік басқармасы мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты – Қазақстанда ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру үшін мүдделі тараптар арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастық орнату, ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы әлеуетті арттыру және ықтимал олқылықтарды анықтау.

Семинар ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін іс-шараларды басқаруға және ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органдардың, Ұлттық ұланның, атом саласы кәсіпорындарының мамандарына арналған. Техникалық алмасу аясында АҚШ Энергетика министрлігінің Тынық мұхиты Солтүстік-Батыс ұлттық зертханасының сарапшылары Үндістан, АҚШ және Африка елдерінде болған террорлық шабуылдардың тәжірибелік мысалдарына талдау жасап, талқылады. Семинар жұмысына Нұр-сұлтан қаласындағы АҚШ елшілігіндегі АҚШ Энергетика министрлігінің Кеңсесінің қызметкерлері бақылаушы ретінде қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша 17 қазақстандық маман сертификат алды.