Tör Altai Nuclear Consulting компаниясының өкілдері ядролық технологиялар саласындағы серіктестікті талқылау үшін Институтта болды. Tör Altai Nuclear Consulting - ядролық отын циклі, лицензиялау, пайдаланылған ядролық отынды тасымалдау және сақтау саласындағы консалтингтік қолдаудың әлемдік көшбасшысы-NAC International консалтингтік компаниясының ресми өкілі.
Кездесу барысында тараптар ұлттық, өңірлік және халықаралық нарықтар үшін радиоизотоптар мен радиофармацевтикалық препараттарды өндіру жөніндегі бірлескен жобаның перспективаларын талқылады. Мо-99 радиоизотопын фрагментті тәсілмен өндіру жөніндегі жобаны іске асыру болашақта инновациялық технологияларды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, компания өкілдері ССР-Қ ғылыми-зерттеу атомдық реакторына барып, оның ғылым мен өндіріс саласында қолданылуымен танысты. Сондай-ақ, қонақтар қызметкерлерге жоғары радиоактивті заттармен қауіпсіз режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін "ыстық камералардың" жұмысымен танысты.