Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы" заңды әзірлеу бойынша кеңес өтті

Ядролық физика институтының алаңында пайдаланылған ядролық отынмен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және ядролық-радиациялық қауіпті объектілерді пайдаланудан шығару мәселелері бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымының "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің нормативтік-құқықтық және нормативтік – техникалық реттеу саласындағы құжаттарды біріздендіру және үйлестіру мәселелері" №3 сараптамалық тобының отырысы өтті.

Кеңеске офлайн режимде Ресей Федерациясының «Росатом» мемлекеттік корпорациясы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және Ядролық технологиялар қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығы делегациясы қатысты. Онлайн режимде ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК, Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының, Өзбекстан Республикасының мүдделі органдары мен ведомстволарының өкілдері қатысты.

Бұл кеңес ТМД-ның "Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы"модельдік Заңын әзірлеуге арналды. Ядролық физика институтында төмен және орташа белсенді қалдықтар қоймасы және пайдаланылған радионукидтік көздер қоймасы бар. Негізгі ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылары мен радиоактивті қалдықтарды сақтайтын Ядролық физика институты үшін қалдықтарды өңдеу өзекті міндет болып табылады. Радиоактивті қалдықтарды басқару жөніндегі ұлттық заң әзірленуде.

ТМД-ның "Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы" модельдік заңын әзірлеу радиоактивті қалдықтар бойынша ұлттық заңнамалық актілерді қабылдауға серпін береді. Модельдік заң-бұл ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестірудің жарқын мысалы.