Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Радиациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық

2023 жылдың 24 наурызында Ядролық физика институтына "Ядролық технологиялар паркі" АҚ (Курчатов қ., Абай облысы) басқарма төрағасы Александр Борисенко жұмыс сапарымен келді. Сапардың мақсаты-Қазақстан Республикасында радиациялық технологияларды дамыту мәселелерін талқылау, екіжақты қатынастарды орнату және дамыту.

Сапар барысында ЯФИ мен "Ядролық технологиялар паркі" АҚ арасында радиациялық технологиялар саласындағы өзара ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

Екіжақты шарттың мақсаты:

• Қазақстан Республикасында радиациялық технологияларды ілгерілету;

• радиациялық технологиялар саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың ортақ ғылыми және коммерциялық мүдделерін қорғау;

• радиациялық технологиялардың имиджі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

• радиациялық технологиялар нарығына қатысушылардың жауапкершілігін күшейту болып табылады.

Сонымен қатар кездесуде қатысушылар халықаралық жобаларға ұсыну үшін ҚР-да радиациялық технологияларды дамыту бойынша ақпаратты бірлесіп пысықтау және дайындау қажеттігін атап өтті.