Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ НҰРТӨРЕ ЖҮСІП ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы – Нұртөре Жүсіп Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтында болды.

Институттың басшы және ғылыми құрамымен кездесу барысында сенатор өткен жылы парламент қабылдаған азаматтар мен ғылым саласы қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға бағытталған заңдар туралы айтып берді. Сонымен қатар, сенатор Институттың материалдық-техникалық базасымен, атап айтқанда, мекеменің ядролық бөлшектерді зерттеуге арналған барлық қажетті құралдармен және жабдықтармен жарақтандырылуымен, оны практикалық қолдану бөлігінде танысты. Бүгінгі таңда Институт атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы елдегі жалғыз ғылыми-зерттеу ұйымы болып табылады, онда іргелі зерттеулерден бастап жоғары технологиялық өнімдер өндірісіне дейінгі ғылыми-зерттеу конструкторлық әзірлемелердің толық циклі орындалады. Осылайша Институт қатерлі ісік ауруларын диагностикалау және емдеу үшін йод-131, фтор-18 және Мо-99 радиоизотоптары негізінде радиофармпрепараттар шығарады, өнеркәсіптік радиоактивті көздер мен гидрогельді таңғыштар шығарады. Ресей, Германия, АҚШ, Франция және Түркияға кобальт-57 радиоактивті изотопын өндіру және жеткізу жолға қойылған. Сондай-ақ, 2024 жылы Институт Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен шарт шеңберінде Қырғызстанға молибден-99/технеций-99 генераторларын жеткізуді бастайды. Ғылыми қызмет бойынша, сондай-ақ кадрларды даярлау саласында ядролық физика институты СERN, Массачусетс технологиялық институты, Карлсруэ технологиялық институты, TENMAK т. б. сияқты әлемдегі ең ірі ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерімен ынтымақтастық орнатқан. Сонымен қатар Институт NA-62,HIKE, DUNE халықаралық мега-сайнс жобаларына қатысады.

Сондай-ақ, әңгіме барысында депутат ядролық физика саласындағы кадрларды қайта даярлау мәселелеріне ерекше назар аударды. «Ядролық физика институты құрылғаннан бері өте бай тарихқа ие және институт базасында жүзеге асырылып жатқан жобалардың стратегиялық маңызы бар. Тиісінше, институтты жақсы кадрлармен қамтамасыз ету және оларды қайта даярлау мекеменің басты міндеті болуы керек» - деді Нұртөре Жүсіп.

Сонымен қатар, сенатор бүгінгі таңда ел халқы арасында кеңінен талқыланып жатқан атом электр станциясын салу мәселесіне тоқталды. Ол атап өткендей, біздің еліміздің азаматтары атом электр станциясын салу мәселесіне, оны қауіпсіз пайдалану мәселесіне және оның елге тигізетін пайдасына қатты алаңдайды. Кездесу барысында Институттың бас директоры Саябек Сахиев ЯФИ базасында АЭС үшін мамандар даярлау үшін барлық қажетті инфрақұрылым бар екенін атап өтті, атап айтқанда, ССР-Қ зерттеу стационарлық реакторы, сыни стенд, түрлі типтегі үдеткіштер, сондай-ақ институт базасында үш оқу орталығы жұмыс істейді: радиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы, бұзбайтын оқу орталығы ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы атом саласы үшін кадрлар даярлаудан тұрады. Сондай-ақ Институтта АЭХА(МАГАТЭ) сарапшылары жұмыс істейді. Өткен жылы ЯФИ – ҚазҰУ- әл-Фараби- КАЭС арасында үшжақты консорциалдық келісім жасалды. Мақсат – ядролық физика институты базасында атом электр станциясы үшін кадрлар даярлауды көздейді.

«Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев "Егемен Қазақстанға" берген сұхбатында атап өткендей, атом электр станциясының құрылысы біздің экономикамыздың болашағы мен оның энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызды мәселе болып табылады. Құрылыс мәселесі бойынша тиісті қоғамдық тыңдаулар өткізілетін болады. Осы мәселе бойынша институт алдыңғы қатарда болуы және вектор ретінде әрекет етуі тиіс», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Сенат комитетінің төрағасы ЯФИ-ға сапары барысында Қазақстандағы жалғыз CCР-Қ стационарлық ғылыми-зерттеу реакторына, иондаушы сәулеленудің пайдаланылған көздеріне арналған қоймаға, институттың ғылыми қызметкерлері DUNE халықаралық эксперименті үшін strow-детекторларды құрастыратын ғимаратқа, радиохимия және изотоптар өндіру ғылыми-техникалық орталығына және гидрогельді таңғыштар өндіретін учаскеге барды.

Айта кетейік, өткен жылы Институт «Ғылым қоры» АҚ-ның ГОСТ ISO 13485 стандартының заманауи талаптарына сәйкес келетін гидрогелий таңғыштарын өндіру учаскесін құру грантын жеңіп алды. Осы грант аясында жұмыстың бірінші кезеңі-өндірістік учаскені дайындау және жабдықты сатып алу практикалық аяқталды. 2024 жылы сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды жүргізу және медициналық мақсаттағы бұйымдар ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне таңғыштарды тіркеуге беру жоспарлануда. Гидрогельдік таңғыштар Қазақстан Республикасының медициналық мекемелері (клиникалар, ауруханалар, күйік орталықтары, жедел жәрдем орталықтары) үшін әзірленді. Сенатордың сапарының қорытындысы бойынша тараптар бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жылы және нәтижелі диалог үшін бір-біріне алғыстарын білдірді.