Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ҚР Энергетика вице-министрі ЯФИ РМК–ға іссапармен келуі

Қаңтардың 29 күні ҚР энергетика вице-министрі Нұрмағанбетов Жандос Демесінұлы Ядролық физика институтында іссапар аясында болды. Сапар барысында Жандос Демесінұлы ЯФИ бас директоры Қаракөзов Батыржан Көмекбайұлымен және институт қызметкерлерімен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Кездесу барысында жұмыс кеңесі өткізіліп, институттың қызметі мен жоспарлары талқыланды.

Атап айтқанда, институт директоры «Сутегі бағдарламасы» бойынша атқарылған жұмыстар туралы және институт негізіндегі құзыреттілік орталықтың болашақ жоспарлары жайын баян етті.

Сондай-ақ вице-министрге Ядролық физика институтында ұйымдастырылған экскурсия аясында Жандос Демесінұлы ВВР-К ғылыми-зерттеу реакторы, Циклон-30, У-150М, УКП-2-1, ИЛУ-10, біріктірілген экологиялық орталықта, зерттеу және жаңа химиялық ESEC зертханасында болды.