Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ҚР ЭМ ЯФИ РМК қызметкері Тұрлыбекұлы Қылышбекті докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!

2022 жылдың 31 тамыз күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Суық және өте суық нейтрондардың наноалмаз бөлшектерімен әрекеттесуін зерттеу» тақырыбында ҚР ЭМ «ЯФИ» Ядролық физика бөлімінің ядролық процестер зертханасының кіші ғылыми қызметкері Тұрлыбекұлы Қылышбек философия докторы (PhD) дәрежесін «6D060500– Ядролық физика» мамандығы бойынша сәтті қорғады.

Ғылыми кеңесшілері: ҚР ЭМ «ЯФИ» РМК бас директоры, ф-м.ғ.д, Сахиев Саябек Қуанышбекұлы және БЯЗИ И.М.Франк атындағы НФЗ директорының орынбасары ф.-м.ғ.к, Егор Валерьевич Лычагин.

Диссертациялық кеңес мүшелері Тұрлыбекұлы Қылышбекке философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беруге бірауыздан дауыс берді.