Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ҚР ЭМ ЯФИ РМК қызметкері Сайранбаев Дарханды докторлық диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!

2022 жылдың 22 маусым күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ССР-Қ зерттеу реакторы активті аймағының бүйір бериллий шағылыстырғышы бар нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу» тақырыбында ҚР ЭМ ЯФИ Атом энергиясы қауіпсіздігі проблемалары зертханасының ғылыми қызметкері Дархан Сайранбаев философия докторы (PhD) дәрежесін «6D060500– Ядролық физика» мамандығы бойынша сәтті қорғады.

Диссертациялық кеңес мүшелері Дархан Серғазұлына философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беруге бірауыздан дауыс берді.