Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Проверка физической безопасности радиоактивных источников

2025 жылғы 16-19 маусым аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы базасында «Радиоактивті көздердің физикалық қауіпсіздігі жөніндегі инспектор» тақырыбында оқу курсы өткізілді. Курсты АҚШ Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік әкімшілігінің Радиологиялық қауіпсіздік кеңсесі Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитетімен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Оқу курсының мақсаты – объектілердегі радиоактивті көздердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты персоналдың тексеріс жүргізу бойынша білім деңгейі мен дағдыларын арттыру.

Курс Қазақстанның мемлекеттік органдары мен атом саласындағы кәсіпорындарының өкілдеріне арналды. Оқыту барысында тексеріс жүргізудің стандартты рәсімдері, жоспарлау және дайындау, тексеріс жүргізу әдістері, техникасы (тексеру жоспарын құру, құжаттаманы талдау, қадағалау, сауалнама, тестілеу), қорытынды есепті және түзету іс-шараларын жасау мәселелері қарастырылды. Курс аясында АҚШ нұсқаушылары тексеріс жүргізуді дайындау, өткізу және тексеріс нәтижелері бойынша қорытынды есепті ұсыну жөнінде теориялық және практикалық сабақтар өткізді.

Оқыту қорытындысы бойынша 15 қазақстандық маман – ҚР АЭА АҚБК, ҮМЗ АҚ, Үлбі-ЖБЖ ЖШС, ЯФИ ШЖҚ РМК, ҚР ҰЯО РМК өкілдері курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.