2023 жылдың 20-21 сәуірінде Ядролық физика институтының қызметкерлері «ISO 37001: 2016 Халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті» атты оқу семинарына қатысты.
ISO 37001 – бұл мекемелерде парақорлыққа қарсы басқару жүйесін енгізуге көмектесуге арналған жаңа халықаралық стандарт болып табылады. Стандарт сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.
Екі күнге созылған оқу семинары аясында қызметкерлер сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет стандарттары ұғымынан бастап заңнамалық талап, «ISO 37001» стандартын қолдану салалары және талаптары, блок схема құру арқылы жемқорлықты болдырмау сынды тақырыптар бойынша дәріс алды.
Сонымен қатар семинарда:
Оқу семинарына басшылық және құрылымдық бөлімше басшылары мен мамандары қатысты.