Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

«Приборы Казахстан» ЖШС-нің директоры мен «Thermo Fisher Scientific» менеджері Ядролық физика институына келді

2022 жылдың 5 желтоқсанында ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» РМК қызметкерлері мен бас директор Саябек Сахиев «Приборы Казахстан» ЖШС-нің директоры Игорь Покровский және «Thermo Fisher Scientific» (ETША) менеджері Детлеф Питерспен кездесті.

Алдымен С.Cахиев «Приборы Казахстан» директорына 2022 жылдың 26-30 қыркүйек аралығында институттың 65 жылдығына орай ұйымдастырылған IV Халықаралық форумды өткізуге демеушілік білдіргені үшін алғысын білдірді. Кездесу аясында қонақтарға «Институтқа 65 жыл» мерейтой медалін табыс етті.

Кездесу барысында бас директор С.Cахиев Ядролық физика институтының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарымен бөлісті. Соның бір бағыты институт базасында кремнийді қоспалау өндірісін дамыту.

– « Қазіргі таңда Ядролық физика институтының мамандары жапондық Chiyoda Technol Corporation бірлескен жұмыстар арқасында кремнийді нейтронды трансмутациялық қоспалау (НТЛ) әдісін үйренді, енді оны алдағы уақытта практикалық қолданысқа енгізу жоспарымызда бар. Сол үшін демеушілерді іздестірудеміз. Болашақта бұл әдісті электромобильдер үшін бөлек компоненттер ретінде пайдалануға болады», - деп жеткізді бас директор.

Жалпы кремнийді нейтронды трансмутациялық қоспалау әдісі электронды және электрлік өнеркәсіпке арналған құрылғыларды жасау технологиясында кеңінен қолданылады. Жартылай өткізгішті құрылғылар өндірісінде ең маңызды технологиялық процестердің бірі болып табылады.

Айта кетейік, институт базасындағы зертханаларды ғылыми құрылғылармен қамтамасыз ету мақсатында Ядролық физика институты «Приборы Казахстан» ЖШС мен американдық «Thermo Fisher Scientific» компаниясымен жиырма жылдан астам әріптестік байланыс орнанып келеді.