Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Пресс-тур

2022 жылдың 5 мамыр күні ЯФИ РМК-да республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің пресс-туры өткізілді. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бірлесе ұйымдастарылған пресс-турдың мақсаты ˗ ЯФИ жұмысымен таныстыру және саланы дамыту бағытында атқаралып істер жайын хабардар ету.

Пресс-тур барысында БАҚ өкілдеріне алдымен пресс-конференция ұйымдастырылып, ЯФИ-ның тарихы, қызмет бағыты таныстырылды.

ЯФИ РМК бас директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлы мен бөлім басшылары институт жұмысына, даму бағытына қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берді. Сонан соң, ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығына, кешенді экологиялық зерттеу орталығына сондай-ақ радиациялық технологиялар ғылыми-өндірістік орталығын аралап, инстиуттың өнідірістік жұмыс бағыттарымен танысты.