Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ мен Д. В.Скобельцын Ядролық физика ғылыми-зерттеу институты арасында келісімге қол қойды

2023 жылдың 22 наурызында Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиевтің Ресей Федерациясындағы жұмыс сапары барысында Боос Эдуард Эрнстович бастаған М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің Скобельцын Д.В. атындағы Ядролық физика ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен және ғалымдарымен кездесу өтті. Кездесуде Саябек Қуанышбекұлы ресейлік әріптестерді Ядролық физика институтында жүзеге асырылып жатқан жобалармен таныстырды, сондай-ақ 2024 жылы Лауэ-Ланжевен институтымен (ILL,Франция), Пол Шеррер институтымен (PSI,Швейцария) және БЯЗИ(РФ) бірлесіп іске қосуға жоспарланып отырған ультра суық нейтрондардың көзі (УХН) алғашқы мега-сайенс жобасы туралы айтып берді. Кездесу барысында екіжақты жемісті ынтымақтастық орнатылуы мүмкін жалпы тақырыптар қозғалды. Екі институт арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды, онда тараптар атом саласы үшін мамандар даярлау бойынша тәжірибе алмасу туралы келісті.