Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Персоналды арнайы даярлау

2025 жылғы 9-13 маусым аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы (ЯҚОО) «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ уран өндіруші кәсіпорындарының мамандары үшін «Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау негіздері» тақырыбы бойынша оқыту курсын өткізді.

Курстың мақсаты – ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйесін құрудың негізгі қағидаларын оқыту, жүйенің базалық элементтерімен, жүйені басқаруды таныстыру. Оқыту барысында ядролық физикалық қауіпсіздік режимін қамтамасыз ету, Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасының талаптары мен АЭХА ұсынымдары, ядролық материалдарды есепке алу, бақылау және физикалық қорғау жүйелерінің өзара әрекеттесу мәселелері қозғалды. ЯҚОО нұсқаушылары теориялық, тәжірибелік және көрсетілімділік сабақтарын, Орталықтың үй-жайларымен және оқыту полигонымен таныстыру турын өткізді. Сондай-ақ, оқу курсының тыңдаушылары үшін ССР-Қ зерттеу реакторына бару ұйымдастырылды.

Оқыту қорытындылары бойынша Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ және ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауға жауапты уран өндіруші кәсіпорындарының 10 маманына курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар берілді.