Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқыту курсы өтті

2023 жылғы 13-17 ақпан аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» оқыту курсын өткізді. Оқу курсы «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша АҚШ Қорғаныс министрлігінің әскери қауіпті азайту агенттігі ынтымақтастық шеңберінде өткізілді. Бұл курс «өтпелі курс» болды. АҚШ ҚМ ҚАА американдық нұсқаушылары әзірлеген оқу материалдары ЯҚОО бейімделу және жаңарту үшінберілген болатын. Оқу материалдарын қайта өңдегеннен кейін курсты қазақстандық нұсқаушылар АҚШ нұсқаушыларының бақылауымен өткізді.

Курстың мақсаты– атом саласы объектілерінде ақпараттық қауіпсіздік жүйесін құрудың негізгі қағидаларын оқыту.Оқыту барысында ақпараттық қауіпсіздік саясаты, Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасының талаптары және АЭХА ұсынымдары, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер мен бұзушылықтардың түрлері, ақпараттық қауіпсіздіктің объектідегі қауіпсіздіктің басқа түрлерімен өзара әрекеттесу мәселелері қозғалды.Қазақстандық нұсқаушылар теориялық, тәжірибелік және көрсетілімділік сабақтарын өткізді. Сондай-ақ, курс тыңдаушылары үшін Орталықтың орынжайларымен жәнеоқыту полигонымен таныстыру туры ұйымдастырылды.

Оқыту қорытындысы бойынша ҚР ЭМ АЭҚБК, ҮМЗ АҚ, ҚР ҰЯО РМК, ЯФИ ШЖҚ РМК, МАЭК өкілдері-11 қазақстандық маман курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.