Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Пайдаланушыларды ядролық материалдарды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйемен жұмыс істеуге оқыту

2026 жылғы 19-23 қазанда аралығында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында қондырғылар деңгейінде ядролық материалдарды есепке алу ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары үшін семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинар АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қатерді азайту жөніндегі агенттігінің «Қауіпті бірлесіп азайту» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты- ядролық қондырғылардағы ядролық материалдарды есепке алу рәсімдеріне арналған ақпараттық жүйенің модификацияланған нұсқасының жұмыс істеуінің толық циклін тестілеуді өткізу.

Соңғы кездесу барысында келісілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес әзірлеушілер мемлекеттік органға жіберілетін есепті нысандардың үлгілерін пысықтады, сондай-ақ жүйеге түгендеу өзгерістерінің кодтарын қосты.

Семинарға АҚБК, ЯФИ, ҰЯО, ҮМЗ, МАЭК атынан сегіз қазақстандық маман қатысты. Ақпараттық жүйе ЯҚОО оқу серверінде орнатылды, әрбір қатысушы жеке ноутбукта программалық жасақтаманы сынақтан өткізді. Тестілеу процесі үшін әзірлеушілер жүйемен жұмыс істеудің барлық негізгі кезеңдерін қамтитын практикалық жаттығулар дайындады: тіркеу және жүйеге кіру, ядролық материалдың түгендеу мөлшері туралы деректерді енгізу, өзгерту және түзету, сондай-ақ қорытынды есепті дайындау және мемлекеттік органға жіберу.

Семинар барысында қазақстандық "Самғау"компаниясының мамандары жүзеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз етуді кепілдікті техникалық сүйемелдеу мәселелері талқыланды.

Ақпараттық жүйені тестілеу нәтижелері бойынша бағдарламаға келісілген өзгерістер мен толықтырулардың тізімі дайындалды.