14-18 қазан аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының базасында «Protocol Reporter3 ПЖ пайдалана отырып, қосымша хаттама бойынша ақпаратты жинау және ұсыну» атты семинар өтті. Оқыту АЭХА және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің АЭҚБК бірлесе отырып, Ұлттық ядролық қауіпсіздік жөніндегі әкімшілігінің /АҚШ Энергетика министрлігінің (DOE/NNSA) Халықаралық ядролық кепілдіктер инфрақұрылымын нығайту бағдарламасының (INSEP) іс-шаралары шеңберінде өткізілді.
Семинардың мақсаты – ядролық қондырғылар мен Қазатомөнеркәсіп ҰАК кәсіпорындарының қазақстандық мамандарының жан-жақты кепілдіктер туралы Келісім және Қосымша хаттама бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті білімдері мен дағдыларын арттыру. Семинар аясында Protocol Reporter 3 программалық жасақтаманы пайдалана отырып, Қосымша хаттама (АЭХА декларациялар) бойынша есептілікті дайындау жөнінде оқыту жүргізілді.
Семинар Қазақстандағы атом өнеркәсібі кәсіпорындарының (ҮМЗ, Үлбі-ТВС, ЯФИ, ҰЯО, МАЭК, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК) Қосымша хаттама бойынша ядролық материалдарды есепке алу, бақылау және есептілікпен айналысатын мамандарға арналған. АҚШ ЭМ және АЭХА нұсқаушылары теориялық және практикалық сабақтар өткізді. Оқыту қорытындылары бойынша 28 қазақстандық маманға семинарды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.