Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Оралда атом энергетикасын дамытудың перспективалары талқыланды

18 шілдеде Орал қаласында Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жоспары талқыланды. Шараға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы билік органдары мен қоғамдық кеңестердің, табиғатты қорғау ұйымдарының өкілдері, энергетика саласындағы жетекші мамандар, ғалымдар мен облыс орталығының белсенді тұрғындары жиналып, АЭС құрылысына қатысты өз пікірлерін білдірді.

Ұйымдастырушы – облыстық Қоғамдық кеңесі сарапшылар ретінде Энергетика министрлігі, Ядролық физика институтының, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ұлттық өкілдерін шақырған болатын.

Баяндамалар барысында шақырылған спикерлер Қазақстандағы атом энергетикасын дамытудың жоспарлары мен перспективаларымен, сондай-ақ атом электр станциясы құрылысының қауіпсіздігі, экологиялық тазалығы және экономикалық тиімділігі мәселелерімен таныстырды.

Экологиялық ұйымдардың өкілдері мен жергілікті тұрғындар АЭС құрылысы туралы өз пікірлерімен бөлісті және спикерлермен оның қоршаған ортаға әсері мәселелерін талқылады. Кейбір қатысушыларды пайдаланылған ядролық отынды қайта кәдеге жарату және сақтау, атом электр станцияларын салу және оларға техникалық қызмет көрсету үшін мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі, АЭС саушы компаниясын таңдау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және осынау ауқымды жоба асыру аясында туындайтын басқа да әлеуметтік-экономикалық аспектілер қызықтырды.

Шақырылған сарапшылар болса, алаңдауға негіз жоқ деп атап өтті, атом электр станцияларын салу үшін қарастырылып жатқан технологиялар – 3 немесе 3+ буын реакторлары – қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап береді және экономикалық көрсеткіштері жағынан әлдеқайда жақсартылған. Ал бұл дәстүрлі жылу электр станцияларымен салыстырғанда, атмосфераға CO2 шығарындыларын аз мөлшерде бөлінуін және радиациялық фонның болмауын білдіреді.