Қонаевта Қазақстанда атом электр станциясы салу турасында қоғамдық талқылау өтті. Тамыздың 14-інде Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған кездесуге сарапшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен Алматы облысының тұрғындары қатысты.
Сарапшылар Қазақстандағы атом электр станцияларында АЭХА-ның қатаң стандарттарына сәйкес келетін III және III+ буын реакторлары қолданылатынын алға тартты.
Қазақстанның кадрлық әлеуеті мен реакторлар нарығын талдаумен айналысатын «Қазақстандық атом электр стансалары» ЖШС мәліметінше, елімізде құрылысы жоспарланып отырған болашақ атом электр стансасына өнеркәсіптік-өндірістік мақсаттағы 2 мыңдай маман қажет.
Осы орайда Институт бас директоры Саябек Сахиев болашақ АЭС-ке қажетті 1800 техникалық мамандарды даярлау үшін Ядролық физика институының үлкен тәжірибесі мен қажетті инфрақұрылымы бар екенін атап өтті.