2023 жылдың 3-6 сәуір аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының (ЯҚОО) базасында күзет және бейнебақылау жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің оқу-әдістемелік жиындары өткізілді. Мақсаты – Қазақстан Республикасы объектілерін күзету бойынша қарауылдың жауынгерлік қызметін атқару сапасын арттыру. Оқыту аясында TRASSIR бейнебақылау жүйелеріне арналған программалық жасақтаманы пайдалану бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізілді, сонымен қатар ЯҚОО таныстыру туры ұйымдастырылды. Сабақтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының нұсқаушылары мен TRASSIR халықаралық компаниясының сарапшылары жүргізді. Оқыту қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 18 инженерлік-техникалық қамтамасыз ету маманына курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар берілді.