Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында оқыту

ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы (ЯҚОО) 2022 жылдың қазан айында «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ уран өндіруші кәсіпорындарының мамандары үшін «Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау негіздері» бойынша кезекті базалық оқыту курсын өткізді.

Курстың мақсаты – ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйесін құрудың негізгі қағидаларын оқыту, жүйенің базалық элементтерімен, жүйені басқарумен таныстыру. Оқыту барысында ядролық физикалық қауіпсіздік режимін қамтамасыз ету, Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасының талаптары мен АЭХА ұсынымдары, ядролық материалдарды есепке алу, бақылау және физикалық қорғау жүйелерінің өзара әрекеттесу мәселелері қозғалды. ЯҚОО нұсқаушылары теориялық, тәжірибелік және көрсетілімділік сабақтарын, Орталықтың орынжайларымен және оқыту полигонымен таныстыру турын өткізді. Сондай-ақ, оқу курсының тыңдаушылары үшін ССР-Қ зерттеу реакторына бару ұйымдастырылды.

10-14 және 17-21 қазан аралықтарында өткен оқыту қорытындылары бойынша «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ уран өндіруші кәсіпорындарының 22 маманына курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар берілді.