Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығындағы оқыту курсы

2023 жылғы 13-17 наурыз аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы (ЯҚОО) «Осалдықтарды бағалау негіздері» оқыту курсын өткізді. Оқу курсы «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша АҚШ ҚМ ҚАА ынтымақтастық шеңберінде өткізілді. Бұл курс «өтпелі курс» болды. АҚШ ҚМ ҚАА американдық нұсқаушылары әзірлеген оқу материалдары ЯҚОО бейімделу және жаңарту үшін берілген болатын. Оқу материалдарын қайта өңдегеннен кейін курсты қазақстандық нұсқаушылар АҚШ нұсқаушыларының бақылауымен өткізді. Курстың мақсаты – ядролық объектілердің осалдығын бағалаудың негізгі әдістерін үйрету және оларды практикалық қолдану. Оқыту барысында Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасының талаптары мен АЭХА ұсынымдары ұсынылды, осалдықты, тәуекелді, салдарларды бағалау, қауіп пен тәуекелдің өзара байланысы мәселелері қозғалды. Қазақстандық нұсқаушылар теориялық, тәжірибелік және көрсетілімділік сабақтарын өткізді. Тәжірибелік сабақтарды өткізу кезінде гипотетикалық объектінің осалдығын бағалауды жүргізу үшін VISA әдістемесі көрсетілді. Сондай-ақ курс тыңдаушылары үшін реакторға таныстыру туры ұйымдастырылды. Оқыту қорытындысы бойынша 9 қазақстандық маман – ҚР ЭМ АЭҚБК, ҮМЗ АҚ, ҚР ҰЯО РМК, ЯФИ ШЖҚ РМК, МАЭК, ҚР Ұлттық ұланының өкілдері курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.