2023 жылдың 4 наурызында Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің (АтМГУ) басшылығымен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Кездесу барысында бас директор мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу жобасы туралы айтты. Ядролық физика институтының газдан сутекті көміртексіз өндіру жобасы таныстырылды. Сонымен қатар Институт бас директоры ЯФИ-дің білім және ғылым бағытындағы ынтымақтастық негізінде 30-дан астам халықаралық ұйымдармен жүргізілген жұмыстарына тоқталды. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың толық циклін жүргізетін жалғыз Институт екенін атап өтіп, ЯФИ-дің Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадрлар даярлауда өте үлкен тәжірибесі мен базасы бар екенін жеткізді. Сондай-ақ кездесу барысында бірлескен ғылыми зерттеулер мен экология жағдайы талқыланды. Сонымен қатар тараптар: