Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Общеинститутский семинар от 05.01.23

ЯФИ-де жалпы институттық семинар өтті

2023 жылдың 5 қаңтарында Ядролық физика институтында жалпы институттық семинар өтті. Бұл семинар аралас форматта (offline/online) өтті, оған ЯФИ РМК, сондай - ақ БЯЗИ (Ресей), ЯФИ (Өзбекстан),әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н Гумилев атындағы ЕНУ-ның ғылыми қызметкерлері қатысты.

Семинарда Біріккен ядролық зерттеулер институтының (Дубна қ., Ресей) және Ядролық физика институтының ғылыми қызметкерлерінің баяндамалары тыңдалды. Ядролық проблемалар зертханасының (БЯЗИ) ғылыми қызметкері Людмила Колупаева «Neutrino physics at JINR today» (Бязи-дегі нейтрино физикасы)  тақырыбында баяндама жасады. Л.Колупова өз баяндамасында институт қызметкерлеріне БЯЗИ-гі нейтрино бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Нейтриноның негізгі қасиеттері және қарқынды дамып келе жатқан зерттеу саласының ең өзекті шешілмеген міндеттерін атап өтті.

Екінші бөлімде Ядролық проблемалар зертханасының ғылыми қызметкері (БЯЗИ), ЯФИ-ның кіші ғылыми қызметкері Баймуханова Аягөз «(p, 4n) 86zr-ді орташа энергиялы протондармен алу реакциясы және 86zr / 86Y радионуклид генераторын әзірлеу» атты баяндама жасады. Өз сөзінде    А. Баймуханова Ядролық медицина үшін радионуклидтерді қолданудың заманауи әдістері мен алу технологиясы туралы айтып берді. Баяндамада генераторлық жүйелерде ядролық медицинада ең көп қолданылатын радионуклидтерді алу технологиясының, генераторларды өндіру әдістерінің мысалдарындарына тоқталды.

Семинар соңында қатысушылар тақырып аясында баяндамашыларға сұрақтар қойды.