10-11 шілдеде Атырауда мұнай-газ машина жасау форумы өтіп, оған Институт делегациясы бас директор Саябек Сахиев пен бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Евгений Ермаков қатысты.
Форум энергетика вице-министрі Әлібек Жамауовтың қатысушыларға сәттілік пен жемісті жұмыс тілеумен ашылды.
ТШО, КҚПО және NCOC компанияларының басшылары мұнай-газ секторында пайдаланылатын жабдықтардағы қазақстандық құрам үлесі туралы есеп берді. Сондай-ақ, ашық есік күні мен жабдықтар көрмесі өтіп, онда ЯФИ басшылығы ТШО, ҚПО және NCOC өкілдерімен иондаушы сәулеленудің өнеркәсіптік көздерін және ілеспе қызметтерді ұсыну мүмкіндігін талқылады.