Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

МИФИ: озық ядролық технологиялар және термоядролық зерттеулер

Жұмыс сапары бағдарламасының қорытынды кезеңі ретінде ядролық технологиялар саласындағы жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі — Ұлттық зерттеу ядролық университеті МИФИ-ге сапар ұйымдастырылды. Қазақстандық делегация құрамында Институт бас директоры Саябек Сахиев сапарға қатысып, озық әзірлемелермен танысты.

Делегацияға заманауи ғылыми әзірлемелер, сондай-ақ шағын термоядролық зерттеу қондырғысы таныстырылды. МИФИ-дің эксперименттік және ғылыми инфрақұрылымымен танысу Ядролық физика институты үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту және атом саласының болашақ мамандарын даярлау тұрғысынан практикалық маңызға ие.