Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

МИФИ мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ делегациясының жұмыс сапары

Сәуірдің 5-де Мәскеу инженерлік-физикалық институт делегациясы мен Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері «Ядролық физика институты » РМК-ға жұмыс сапарымен келді.

Кездесудегі мақсат — үшжақты серіктестік байланыс орнату, атом өнеркәсібінде ғылыми-зерттеулік жобаларды жүзеге асыру.

Басқосуда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Мәскеу инженерлік-физика институтының филиалының ашылу талқыланды. Атап өтейік, бұл бастама ҚР Президентінің тапсырмасымен іске асырылып отыр.

Содан соң ҚазҰУ өкілдері Абишев Медеу Ержанұлы мен Давлетов Асқар Ербұланұлы және МИФИ делегациясы Карезин Валерий Вячеславович пен Савкин Дмитрий Александрович ССР-Қ зерттеу реакторын аралап, институт жұмысымен танысты.