Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Халықаралық ынтымақтастық

2023 жылғы 20-24 ақпан аралығында АЭХА (МАГАТЭ) Таиландтың Паттайя қаласында Физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы кадрларды даярлау және қызметке жәрдемдесу орталықтарының халықаралық желісінің (ФЯҚЖО желісі) жыл сайынғы кеңесін өткізді. Кеңес жұмысына 40-тан астам елден 70-ке жуық өкіл қатысты. Ядролық физика институты РМК Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығынан (ЯҚОО) кеңес жұмысына ЯҚОО оқу бөлімінің бастығы Маржан Идрисова қатысты. Кеңестің мақсаты – ФЯҚЖО желісінің жұмысын кеңейту. Желіге қатысты негізгі мәселелер мен тақырыптар бойынша өтетін пленарлық отырыстарға қосымша, үш жұмыс тобы қызметті жоспарлау және алдағы жылға Желінің басымдықтарын талқылау бойынша жеке және бірлескен жұмыстар жүргізді. ФЯҚЖО желісінің мақсаттары мүше ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты көтермелеу және бірлескен қызметтерді қолдау, озық тәжірибені айқындау және құжаттау, сондай-ақ Желіге мүше ұйымдар арасында ақпарат алмасуды жандандыру болып табылады. Кеңеске қатысушылар үшін Паттайя қаласы портының кедендік өткізу бекетіне де экскурсия ұйымдастырылды. 2022 жылғы Желі жұмысының қорытындысы бойынша ФЯҚЖО желісінің қатысушылары арасында өткізілген оқу курстарының санына қарай ЯҚОО-ғы 2-ші орынды иеленіп, жүлдемен марапатталды.