15 cәуір Институт делегациясы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен Дүниежүзілік ядролық қауымдастық (World Nuclear Association) ұйымдастырған «World Nuclear Spotlight Kazakhstan» халықаралық конференциясы қатысты.
Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, негізгі компаниялардың басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылары қатысты.
Конференция барысында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту мүмкіндігі, атом энергетикасы бағдарламасын қолдаудың әлеуеті мен ресурстары, атом энергетикасының артықшылықтары, сондай-ақ озық халықаралық ядролық технологияларға шолу және атом энергетикасы бағдарламаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Форум тәжірибе алмасудың, өзекті мәселелерді талқылаудың және атом энергетикасын әлемдік ауқымда да, Қазақстан Республикасы деңгейінде де дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеудің маңызды алаңына айналды.
World Nuclear Spotlight конференциясы өздерінің атом энергетикасы инфрақұрылымын құру мүмкіндігін зерттейтін елдерде өткізіліп, оны дамытуға қатысты негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін ескерген жөн.
Атом энергетикасы дамыған елдердің өкілдері электр энергиясын тұрақты және тиімді өндіруді қамтамасыз ететін және парниктік газдар шығарындыларын азайтатын АЭС құрылысының оң әсерін атап өтуде.
Форум атом өнеркәсібіне маманданған ірі халықаралық компаниялардың, сондай-ақ атом энергетикасы инфрақұрылымы дамыған бірқатар мемлекеттердің өкілдерінің назарын аударды.
Бұл әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның атом өнеркәсібіндегі тәжірибесі мен жетістіктеріне деген қызығушылығын көрсетеді.
Қатысушылар өз сөздерінде климаттың өзгеруімен күресу және баламалы, көміртексіз энергия көздеріне көшу қажеттілігі аясында қазіргі әлемде атом энергетикасын дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
«World Nuclear Spotlight Kazakhstan» конференциясы тұрақты және инновациялық энергетиканы дамыту жолындағы маңызды қадам болды және көміртегі шығарындыларын азайту және климаттың өзгеруімен күресу бойынша жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.