Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара

2023 жылдың 7 наурызында Ядролық физика институында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиында Институттың әйелдер қауымын бас директор Саябек Сахиевпен Кәсіподақ төрағасы Дилшод Алимов құттықтап, Институт дамуы мен өркендеуіндегі айрықша орындарын атап өтті. Кәсіби шеберлігімен адал еңбегі үшін 24 әйел қызметкер алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ мерекелік шарада Институт қызметкерлері мен қатар арнайы шақырылған музыкалық группа жанды әуенде өнер көрсетіп, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.