Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Медеу ауданының әкімі «Ядролық физика институты» РМК-ның жұмыс барысымен танысты

2022 жылдың 8 шілде күні ҚР Энергетика министрлігі «Ядролық физика институты» РМК-ға Медеу ауданының әкімі Оразалин Еркебұлан Нұрланұлы жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында ЯФИ бас директоры, ҚазҰЖА академигі Сахиев Саябек Қуанышбекұлымен кездесіп, ССР-Қ зерттеу реакторы, радиохимия және изотоптар өндірісі ғылыми-техникалық орталығы және экологиялық зерттеулер орталығының жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ аудан әкіміне ЯФИ өндірісіндегі медициналық радиоизоптар мен «AQUA DRESS» танытқыш өнімдері таныстырылды.