Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Массачусетс технологиялық институтының (MIT) доцентінің қатысуымен жалпы институттық семинар өтті

2023 жылдың 30 мамырында Ядролық физика институтында жалпы институттық семинар өтті. Семинар аралас форматта (offline/online) ұйымдастырылып, оған ЯФИ, сондай - ақ БЯЗИ (Ресей), ЯФИ (Өзбекстан), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ғылыми қызметкерлері қатысты. Семинарда ЯФИ ғылыми қызметкерлері мен қатар Массачусетс технологиялық институтының (MIT) Ядролық ғылымдар және инженерия кафедрасының доценті Майкл Филип Шорттың баяндамасы тыңдалды.

Семинар жұмысын институттың бас директоры Саябек Сахиев ашып, сөзінде аталған жалпы институттық семинар жетінші рет ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, MIT доценті Майкл Шорт институттың магистранттарымен және докторанттарымен бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отырғанын және бұл үшін бес орын бөлінгенін жеткізді. Өз кезегінде мұндай ынтымақтастық институттың ғылыми қызметкерлері үшін үлкен халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндік береді, деп атап өтті Саябек Қуанышбекұлы. Сондай-ақ, MIT плазмалық ғылым және термоядролық синтез орталығы директорының орынбасары Майкл Шорт ЯФИ ұжымын жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, құрмет белгісі ретінде бас директорға сыйлық табыс етті.

Семинарда бірінші болып MIT Ядролық ғылымдар және инженерия факультетінің доценті Майкл Шорт "Related Effects in Materials Needed to Commercialize Fusion Energy: Combined Radiation and Corrosion" (Термоядролық энергияны коммерцияландыру үшін қажетті материалдардағы байланысты әсерлер: аралас сәулелену және коррозия) тақырыбында баяндама жасады. Майкл Шорт өз баяндамасында Массачусетс технологиялық институты үшін 10-15 жылдық уақыт шкаласында термоядролық энергияны енгізу туралы жұмысымен бөлісті.

Екінші бөлімде ЯФИ радиациялық материалтану зертханасының меңгерушісі Мережко Михаил Сергеевич "Нейтрондармен Сәулеленген металдардағы (Cu, Fe) және аустениттік тот баспайтын болаттардағы (12Х18Н10Т, AISI 304) локализацияланған пластикалық деформация" атты баяндамалық зерттеуімен таныстырды. Өз сөзінде осы зерттеудің мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, ССР-Қ зерттеу реакторында сәулеленген АРМКО-темір үлгілерін көрсетті. Сондай-ақ, семинарда радиациялық материалтану зертханаларының кіші ғылыми қызметкері Ким Елена Радиковна "MIT-те ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өту нәтижелері: қасиеттерін зерттеу ЭП-450 TG-спектроскопия әдісіне айналды" тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында ол Массачусетс технологиялық институтында тағылымдамадан өту тәжірибесімен бөлісті және материалдардың микроқұрылымы мен механикалық қасиеттерін зерттеудің негізгі мәселелерін атап өтті. Зерттеудің жаңа әдісімен бөлісті.