Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен және жаңа жылдың басталуымен құттықтаймыз.
Наурыз-бірліктің, бейбітшіліктің, мейірімділік пен бақыттың мейрамы.
Көктем лебі сіздерді шуағына бөлеп, әз-Наурыз әр шаңыраққа құт-береке мен молшылық әкелсін, алға қойған жоспарларыңыз іске асырылып, сәттілік серігіңіз болсын.