Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының(АҚШ) сарапшылар тобының сапары

24 мамырда Америка Құрама Штаттарының Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының (DOE/NNSA) сарапшылар тобы радиоактивті көздердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызмет бойынша ҚР келді.

Сапардың мақсаты – энергетика саласындағы қазақ-америка әріптестік жөніндегі арнайы комиссиясының шеңберінде АҚШ ЭМ және Global Affairs (Канада) қаржылық қолдауымен институтта салынған пайдаланылған иондаушы сәулелену көздерін сақтау қоймасының құрылысы жобасының іске асырылу барысын бағалау.

Кездесу барысында қойманың құрылысы және оны пайдалану бойынша ағымдағы іс-шаралар туралы институт өкілдерінің есебі тыңдалды. Кездесуге сондай-ақ ҚР ЭМ Ядролық және энергетикалық қадағалау комитетінің және «Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар жаңа қойманы аралап, жобаның жүзеге асырылуын жоғары бағалады.