27–28 қарашада ЛИРА нысандарын кешенді зерттеу және мониторинг жобасы шеңберінде жылдық жұмыс қорытындысы бойынша есеп беру жиналысы өтті.
Орындалған жұмыстардың негізгі нәтижелері ұсынылды: -ЛИРА нысандарын жыл сайынғы мониторингілеу; -қосымша зерттеулер жүргізу; -тәуекелдерді азайту жөніндегі жұмыстар.
Сонымен қатар, жобаның негізгі орындаушылары 2025 жылға арналған дамыту перспективаларын, оның ішінде мониторинг бағдарламасын өзгерту қажеттілігі мен зерттеулердің жаңа бағыттарын енгізуді талқылады.
«ЛИРА» жобасы жер асты ядролық жарылыстары жүргізілген орындарда экологиялық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Институт жұмысының маңызды бөлігі болып қала береді.