Ғылым мен атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықтың болашағы Корея Республикасының Қазақстандағы Елшілігі делегациясының Ядролық физика институтына жасаған сапарында талқыланды. Делегация құрамында экономикалық бөлімнің бірінші хатшысы Гу Кёёнг(Mr. GU Kyoyoung) және бөлімнің сарапшысы Бэ Бёнгван(Mr. BAE Byeongwan) болды.
Корея Республикасының өкілдері Қазақстанмен екіжақты серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Ядролық физика институты мен Кореядағы ғылыми ұйымдардың жоғары технологиялық және ғылыми салалардағы бастамаларды іске асыруға, сондай-ақ атом саласы үшін мамандар даярлауда бірлескен бағытта жұмыс атқаруға ниетті екендерін жеткізді.