Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Кадрлар қажеттілігі

АЭС салу жобасы үшін консорциум жетекшісі таңдалды, жоспардан іске көшуімізді бастадық бұл біз үшін тарихи оқиға. «Росатом» МК-мен серіктестік бізге жоғары оқу орындарына бейімделген білім беру стандарттары мен нормативтік құжаттардың бірыңғай жүйесін бірден қолдануға мүмкіндік береді. Бұл болашақ мамандардың кедергілерсіз еңбек процесіне қосылуын қамтамасыз етіп, қосымша даярлыққа кететін шығындарды барынша азайтады.

Мен атом саласының жетістігі күшті кадрлық базадан басталатынына сенімдімін және бүгін біз осы іргетасты қалап жатырмыз. Физика, энергетика, электротехника және тау-кен инжинирингі бағыттары бойынша 18 білім беру бағдарламасы аясында мамандарды Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғ. Дәукеев атындағы АЭБУ және шетелдік ядролық технологиялар бойынша жетекші университеттер даярлайды.

Сонымен бірге қос диплом бағдарламалары – ядролық физика мен инженерия, теориялық ядролық физика және атом энергетикасы бойынша да жүзеге асырылуда. 2024–2025 оқу жылына атом өнеркәсібімен байланысты бағыттар бойынша 5 000-нан астам грант бөлінсе, 2023–2024 жылдары осы мамандықтар бойынша студенттер саны шамамен 250 адамды ғана құраған, ал 2011–2023 жылдар аралығында отандық оқу орындары 1 600-ден астам маман даярлады.

Сонымен қатар Қазақстанда атом саласындағы жоғары білікті мамандар еңбек ететін Ядролық физика институты мен Ұлттық ядролық орталық сияқты ғылыми-зерттеу институттары бар. Біздің институт базасында бүгінге дейін 5 000-нан астам маман дайындалды.

«Кадрлар – идеяларды шындыққа айналдыратын, атом саласының даму векторын айқындайтын басты ресурс», – деді РГП «ИЯФ» Бас директоры Сахиев С.К.