Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

JCNS және БЯЗИ-ден әріптестердің сапары

2023 жылдың 28 наурызында Ядролық физика институтына Юлих нейтрондық ғылымдар орталығының (JCNS, Германия) жетекші ғылыми қызметкері Иоффе Александр мен Біріккен ядролық зерттеулер институтының (Дубна) нейтрондық физика зертханасының бөлім бастығы Боднарчук Виктор жұмыс сапарымен келді. Кездесуде Саябек Қуанышбекұлы шетелдік қонақтарды Институттың негізгі жұмыс бағытымен, базалық кондырғылар жұмысымен және ғалымдардың жарияланымдары бойынша жетістіктерімен таныстырды. Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымы(CERN) Массачусетс технологиялық институты (MIT), Біріккен ядролық зерттеулер институты сынды 30-дан астам халықаралық орталықтарымен ЯФИ ынтымақтастық негізінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен бөлісті. Институттың экономикалық ғылыми даму бағытындағы инвест және мега-сайенс жобаларды таныстырды.