Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯФИ АЭХА-ның Халықаралық симпозиумына қатысуда

Осы аптада Австрия Республикасының астанасы Вена қаласында радиофармацевтикалық трендтер бойынша АЭХА-нің 3-ші Халықаралық симпозиумы өтуде. Сәуірдің 17-і күні өткен симпозумға Ядролық физика институтының Радиохимия және изотоптар өндіру ғылыми-техникалық орталығының басшысы Чакрова Елена Тихоновна қатысты.Халықаралық ғылыми жиында Елена Тихоновна «99 Mo/99MTc Gel generators, experience and considerations»(99 Mо/99MTc гель генераторлары, тәжірибе және ойлар) тақырыбында стендік баяндама жасап, Институттың гельдік генераторларды өндірудегі 20 жылдан астам тәжірибесі мен байытылған газдарды пайданудағы зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Ядролық физика институтында өндірілетін фтордезоксиглюкоза18 натрий йодид 131i, 99Mo/99MT радиофармпрепаттарын атап өтіп, радиофармацевтикалық препараттарға жергілікті сұраныстың 70%-ын толық қанағаттандыратынын жеткізді.Сондай-ақ 99 Mo/99MT алу жолдары,ерітінді сапасын зерттеу, жаңа генераторларды өндіру үшін зерттеу жұмыстарына тоқталды.

Халықаралық симпозиумға әлемнің 86 елінен 500-ден астам сала мамандары қатысты.Симпозиумда диагностикалық емдік және терапевтік радиоизотоптар мен радиофармацевтикалық препараттарды әзірлеу, өндіру және қолдану тиімділігін арттыру жолдары, жаңа радиофармацевтикалық препараттарды өндірудегі соңғы технологиялар, реттеу және лицензиялау мәселелерін шешу сынды тақырып бойынша баяндамалар жасалады.