Кеше бас директор Саябек Сахиев және бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Евгений Ермаков "Мединвестгрупп Казахстан" ЖШС Шымкент қаласындағы Ядролық медицина орталығына барды.
Бұл орталық Ядролық физика институтында өндірілетін "Фтородезоксиглюкоза F-18" радиофармпрепаратын пайдалана отырып, қатерлі ісік ауруларын ерте диагностикалауды жүргізеді.
Орталық басшылығымен кездесуде ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері, атап айтқанда, РФП өндірісінің көлемін ұлғайту мүмкіндіктері талқыланды, сондай-ақ радиофармпрепраттарды әуе арқылы жеткізу мәселесі талқыланды.