Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ішкі бұзушы тарапынан төнетін қауіп-қатерлерді азайту, олардың алдын алу және анықтау

2026 жылғы 8–12 маусым аралығында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында «Ядролық объектілердегі ішкі бұзушы тарапынан төнетін қауіп-қатерлерді азайту, алдын алу және анықтау» тақырыбында оқу курсы өткізілді. Оқытуды АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қатерді азайту жөніндегі агенттігінің «Қауіпті бірлесіп азайту» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылды.

Курстың ашылу салтанатында ЯФИ Ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік департаментінің директоры Мурат Тулегенов қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеп, Институт қызметінің негізгі бағыттары туралы қысқаша айтып өтті.

Курстың мақсаты – кадрларды мұқият тексеруді, объекті персоналының сенімділігін арттыру бағдарламаларын, қолданыстағы физикалық қорғаныс жүйелерін пайдалана отырып, көп деңгейлі физикалық бақылауды ұйымдастыру мәселелерін қамтитын, ішкі бұзушы тарапынан төнетін қауіп-қатерлерді азайту, олардың алдын алу және анықтау шараларын зерделеу.

Оқыту курсы ядролық объектілерді физикалық қорғауды басқаруға, ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысатын, сондай-ақ объектіні күзетуге жауапты мамандарға арналды. Курс жұмысына АҚБК, ЯФИ, ҚАЭТ, ҮМЗ, Үлбі-ТВС, ҰЯО, Қазатомөнеркәсіп, МАЭК мамандары және де Ұлттық ұлан өкілдері қатысты. Оқыту барысында тәжірибе сабақтарға ерекше назар аударылып, оның аясында рөлдік ойындар арқылы нақты жағдайлар талқыланып, ішкі құқық бұзушылар тарапынан төнетін қауіп-қатерлерге байланысты гипотетикалық жағдайларға талдау жүргізілді.

Оқыту қорытындысы бойынша 16 қазақстандық маман курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды. Сертификаттарды табыстаудың қорытынды рәсімі Астана қаласындағы АҚШ Елшілігі жанындағы АҚШ ҚМ ҚАА бөлім директорының орынбасары Евгений Каваленко мен «ЮРС Федерал Сервисез Интернэшнл, Инк.» компаниясы филиалының басшысы Александр Васильевтің қатысуымен өтті.