Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ИРАН САРАПШЫЛАРЫНЫҢ САПАРЫ

Ядролық физика институтына Иранның сарапшылары келді. Сапар барысында «Pars Isotope Company» өкілдері Институттың радиофармпрепараттар желісімен, радиоактивті сәулелену көздерімен, сондай-ақ Cyclone 30 циклотронының жұмысымен танысуда.

«PARS Isotope Company» Иранда медицина мен өнеркәсіпте кеңінен қолданылатын радиоизотоптардың жалғыз жеткізушісі. Олардың негізгі өнімдері әртүрлі аурулар мен қатерлі ісіктерді диагностикалау және емдеу үшін қолданылатын радиофармацевтикалық онкологиялық ауруларға қарсы препараттар болып табылады.

Кешегі кездесу аясында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі тақырыптары туралы айта отырып, екі тарап ПЭТ диагностикасында қолданылатын стерильді генератордың GE-68/GA-68 өндірісінің маңызды жобасын атады. Бүгінгі күні онкологиялық ауруларды диагностикалаудың галлий 68 (Ga-68) ПСМА ПЭТ КТ әдісінен гөрі дәл әдісі жоқ, бұл ауруды кез- келген кезеңде дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Кездесуде Институт әрқашан халықаралық делегацияларды үлкен қуанышпен қарсы алатыны және біздің ұйымға деген қызығушылығы үшін алғыс білдіретіні атап өтілді. Медициналық изотоптарды өндіру саласы әрқашан Шекарасыз аймақ болып қалуы және мәселелерді шешу платформасы болуы тиіс екендігі атап өтілді.

Бүгін ирандық сапаршылар Cyclone 30 циклотроны мен радиохимия және изотоптар өндірісінің ғылыми-техникалық орталығының Радиохимия және изотоптар өндірісінің ғылыми-техникалық орталығының жұмысымен танысатын болады.

Айта кетейік, Ядролық физика институты 2019 жылы радиофармацевтикалық препараттарды өндірушілер арасында бірінші болып GMP (GoodManufacturingPractice) сертификатын алып, жоғары сапалы өнім шығаруға кепілдік берілгенін растады.Зертханада инспекция 2018 жылы жүргізілді. Сертификат алғаннан кейін Институт өмірлік маңызды радиоизотоптар өндірісін бастады. Бүгінде Институт тұрақты түрде Қазақстан Республикасында радиофармпрепараттар өндірісінің 75% өндіреді.