"Металдар мен қорытпалардың радиациялық физикасы" XV халықаралық семинарында өткен Жас баяндамашы мектебінің аясында радиациялық материалтану зертханасының кіші ғылыми қызметкері Ким Елена "БН-350 реакторында нейтрондармен сәулеленген ЭП-450 феррито-мартенситті болаттың механикалық қасиеттері мен бұзылу ерекшеліктерін зерттеу" баяндамасын ұсынып, 2-орынға ие болды.
Кыштым қаласында (РФ) өткен семинар жұмысына Ресейдің және шетелдің жетекші ғылыми орталықтарының, ғылыми-зерттеу институттары мен өндірістік кәсіпорындарының 80-нен астам ғалымдары мен мамандары, соның ішінде ядролық физика институтының радиациялық материалтану зертханасының ғылыми қызметкерлері Ким Елена мен Тарапеева Анастасия қатысты.
Бұл конференция қатты дененің радиациялық физикасы саласындағы зерттеулерге, сондай-ақ осы саладағы жас зерттеушілер мен кәсіби мамандардың ғылыми байланыстарын кеңейтуге және нығайтуға арналған. Сондай-ақ Институт қызметкерлері дөңгелек үстел жұмысына қатысып, оның шеңберінде радиациялық-индукцияланған процестерді сипаттау мәселелері және оны ядролық электр станцияларының реакторішілік конструкциялары элементтерінің ресурсын арттыру жолдарын болжау және іздеу үшін пайдалану мүмкіндіктері талқыланды. Әрі қарай зерттеу және жаңа нәтижелер алу үшін жаңа жолдар мен мақсаттар анықталды.