Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

институттың бас директоры«Үлбі металлургия зауыты» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып тағайындалды

Институттың бас директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлы «Қазатомөнеркәсіп» «ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны «Үлбі металлургия зауыты» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып тағайындалды.Тағайындау 2024 жылғы 24 сәуірде өткен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесінің отырысында бірауыздан дауыс беру арқылы мақұлданды.

Үлбі металлургия зауыты ядролық салада үлкен тәжірибесі бар атом электр станциялары үшін уран отынын өндіретін әлемдегі ең ірі кешендердің бірі болып табылады.

Ядролық физика институты ұжымының атынан Саябек Қуанышбекұлын директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып тағайындалуымен құттықтаймыз!