Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Институттың бас директоры Саябек Сахиев ҚР Оқу -ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірлескен алқасының кеңейтілген отырысына қатысты

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорлары, Министрліктің ҒЗИ және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, мектеп мекемелерінің директорлары қатысты.

Алқа отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстанның ғылымы мен ғалымдарын дәріптеу бойынша жүйелі жұмыстарға тоқталды. Ғылыми қоғамдастықты ынталандыру үшін ғалымдардың орташа жалақысы 2 есеге артып, іргелі зерттеулермен айналысатын ҒЗИ-ді тікелей қаржыландыру енгізілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, Министр Ғылым және технологиялық саясат туралы заң жобасы әзірленіп, Мәжіліске енгізілгенін коллегия барысында айтты.