Институт қызметкерлері ҚР Тіл туралы Заңы талаптарын, "Мемлекеттік тілді дамыту, қолданыс аясын кеңейту" бағдарламасын орындау мақсатында Алматы облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының Талғар аудандық филиалында А2 деңгейіндегі "Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту бағдарламасы" бойынша толық курсты сәтті аяқтады. 6 ай ішінде қызметкерлер А2 деңгейіне арналған тыңдау, оқу, жазу және айтылу дағдыларына арналған тапсырмалар мен практикалық жаттығулар арқылы сөйлеуді және жазуды үйренді. Қазақ тілі курсына Институттың 39 қызметкері қатысып, 27-сі курсты толық аяқтағаны туралы сертификат алды. Қалған 12 қызметкерге арнайы анықтама табысталды.
Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушылар келесі орта B1 деңгейіне ауыстырылды. В1 орташа деңгейіндегі курстар 2024 жылдың 1 тамызында басталады. Бұл курс 2024 жылдың 30 желтоқсанына дейін өткізіледі.