Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Институттың 34 қызметкері бастапқы ағылшын деңгейін аяқтады

Институт қызметкерлері "Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту" бағдарламасы бойынша Алматы облысы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығы Талғар аудандық филиалының А1 Beginner және А2 Elementary деңгейі бойынша ағылшын тілінің алты айлық курсын толық аяқтады.

А1 деңгейін 13 тыңдаушы, А2 деңгейін 26 тыңдаушы оқып-үйренді. Курсты меңгеру барысында 10 тыңдаушы А1 деңгейін, 24 тыңдаушы А2 деңгейін табысты аяқтап сертификат алды.

Курсты енді Институт қызметкерлері тамыз айында қайта жалғастыратын болады.